^Back To Top
«АЛАШТЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ»
Ұлттық мереке – Республика күні мерекесінің құрметіне орай білім ордасында театрландырылған қойылым байқауы өткізілді. Патриоттық бағытта топтық ән айту, «Қара жорға» биі, театрландырылған қойылым байқауы арқылы сайысқа түсті.
Театрландырылған қойылымның ұсынылған тақырыптары:
1. «Дінмұхамед Қонаев» (Ұлы тұлғаның 110 жылдығы құрметіне орай);
2. «Менің мақтанышым» (ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы құрметіне орай);
3. «Алашорда үкіметі».
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінен: «Жаңа Қазақстанның ертеңі», «Alash» топтары қатысса, Қызылорда технология және қызмет институтынан «Бүгінгі зиялылар» тобы бақ сынады.
Колледж бойынша «Alash» тобының жетекші ұстазы: Гүлдана Ақылбекқызы, жетекші студенттері: Жайнарбек Бағдатұлы, Асылым Саматқызы.
«Жаңа Қазақстанның ертеңі» тобының жетекші ұстазы: Зарина Сәбитжанқызы, Жетекші студенттер: Исахан Есенұлы, Айым Саматқызы.
Сайыс қорытындысы бойынша «Alash» тобы 1 орын, «Жаңа Қазақстанның ертеңі» тобы 2 орынды иеленді.
Сонымен қатар, үздік өнер көрсеткен студенттер «Үздік өнерпаз» номинацияларына ие болды.