^Back To Top

logo

 ҚЫЗЫЛОРДА ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫНЫҢ

ТАРИХЫ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледж кітапханасы оқу орнының  құрылымдық бөлімі ретінде 64466 данадан асатын көп салалы дәстүрлі басылымдар мен электронды ресурстары бар, заманауи технологиямен және ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген ақпарат орталығына айналды. Колледж  кітапханасы төмендегідей құрылымдық бөлімдерден тұрады: кітап қорын толықтыру және жүйелеу; (электронды ақпараттық ресурстар, ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету); ақпараттық қызмет көрсету бөлімдері (абонемент, электронды оқу залы және  оқу залы)  Кітапхана қорында мынадай басылым түрлері бар: мемлекеттік және орыс, шет ел тілдеріндегі кітаптар (ғылыми, ғылыми-танымдық, ақпараттық-библиографиялық, кәсіптік-техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер мен оқулықтар, оқу-құралдары), электронды материалдар, мерзімді басылымдар (газет-журналдар) және т.б. Сондай-ақ, отандық, алыс-жақын шет елдік электронды ресурстар дерекқорларына кіру қолжетімді.
КАБИС-2.1 (Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана- ақпараттық жүйесі) бағдарламасы арқылы колледждің электронды кітапхана жұмысы толық автоматтандырылған, қашықтықтан пайдалану мүмкіндігіне ие.

Колледждің  серверіне қосылған барлық компьютерлер арқылы сыртқы электронды ресурстарды (отандық және шетелдік) онлайн режимінде пайдалану мүмкіндігі бар. Атап айтар болсақ:

Кітапханада  OpenU.kz (Қазақстанның ашық университеті), lib.kazmkpu (Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің электронды кітапханасы) 100 kitap.kz (Рухани жаңғыру) электронды-кітапхана жүйелері  және отандық электронды кітапханалар мен КазНЭБ (Қазақ ұлттық электронды кітапхана), elib.kaznu.kz ( Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), kitap.kz  (әдеби кітаптар порталы), https: //kitapkhana.kz  (Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы) , korkyt. kz (Қорқыт ата атындағы  ғылыми кітапхана), Ikitap.kz деректер базаларын  пайдалануға мүмкіндік жасалған.6dcb7b3d-8ad0-49b6-8c78-0b578ce61d5686e30159-616c-4781-b314-49cd0897ea58

 

 

 

 тел: 8 (705) 5484203

 e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz