Колледж тарихы
ҚЫЗЫЛОРДА ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
2019 жылдың 26 наурызында №KZ15LAA00014966 лицензиясы алынды.
2019 жылдың мамыр айында "Ақмешіт колледжі" білім беру мекемесі халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №353 бұйрығымен Қызылорда инженерлік-экономикалық институты жанынан колледж құрылды.
2006 жылдың 24 қарашасында колледж "Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі" болып, ал 2019 жылдың 10 наурызында "Ақмешіт колледжі" білім беру мекемесі болып қайта тіркелді.
Бастапқы кезде «Электрмен қамтамасыз ету», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Қонақ үй шаруашылығы мен туристік кешендерде қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жүргізді.
Қазіргі таңда колледж 26 мамандық бойынша 9 сынып (күндізгі) және 11 сынып (күндізгі және сырттай) негізінде мамандар даярлайды.
2004-2012 жылдар аралығында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Әбілдаев Нұрлан Әлімханұлы, Таңжарықов Панабек Әбсатұлы, Байманов Жанұзақ Нұрділдаұлы, Үсенов Сағидулла Сағынайұлы, Байниязов Дархан Тасқараұлы, Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы, Шегенбаев Абзал Тілеубергенұлы директорлық қызметтерін атқарды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап колледж директорының қызметін Ерімбетов Көктем Ақарысұлы атқарып келеді.
  •  2010 жылы кәсіби білікті мамандар даярлаудағы жаңашыл жұмыстары және «Колледждердің үздік әдістемелік қызметі» атты облыстық байқауда колледж ІІІ-орынды иемденді.
  • 2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2016» бойынша ІІ-ші орынды иеленді.
  • 2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша "Бүкіләлемдік банктің" грант жеңімпазы атанды. Жоба Халықаралық қайта құру және даму Банкінің қаржыландыруымен, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қолдауымен іске асырылды. Жоба негізінде колледж оқытушылары Германия, Белоруссия, Ресей елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
  •  2017 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2017» бойынша IV-ші орынды иеленді.
  • 2014 жылы «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» облыстық форумында өткізілген кәсіби білім берудің инновациялық жұмыстарын оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған шығармашылық көрмесінде колледж ІІІ-орынды иемденді.
  • Білім алушыларға «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» материалдық-техникалық базасын толық пайдалануға мүмкіндік жасалған. Атап айтсақ, 31 пәндік оқу кабинеттері, 21 оқу зертханасы, 3 шеберхана,       6 компьютер сыныбы, интернет жүйесіне қосылған 150 компьютерлік паркі, лингафон кабинеті, 250 орындық мәжіліс залы, кітапхана, оқу залы, электронды оқу залы, спорт зал, мұражай, жатақхана, асхана стандартқа сай жабдықталған.

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі 2022 жылы 23-25 мамыр аралығында сырттай бағалау жөніндегі сараптамалық топ Институционалдық аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымының қызметі Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық ортылығы стандарттарына сәйкес келеді деп Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен 5 жыл мерзімге (29.06.2022-28.06.2027жж. аралығына) институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуінен өткендігі туралы Сертификаттар берілді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 20 наурыздағы №96/н бұйрығымен «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» білім беру мекемесінде берілетін білім беру қызметтері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуына байланысты аттесаттаудан өтті.

Қазіргі таңда колледж 27 мамандық 41 біліктілік бойынша 9 сынып (күндізгі) және 11 сынып (күндізгі және сырттай) негізінде мамандар даярлайды.

Made on
Tilda