Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі кітапханасы

 

Кітапхана- ақпарат қажеттілігін атқарушы, мәдениетті өркендетуші орталық, өркениет символы. Колледж кітапханасының мақсаты- пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, олардың ақпараттық қажеттіліктеріне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрлі және инновациялық жаңа қызмет түрлерін көрсету болып табылады.
Негізгі міндеттері

 - ҚР  Оқу- ағарту министрлігінен келген құжаттарды негізге алып,

колледждің  ақпараттық қажеттілігін есепке ала отырып, қорды толықтыру;

 - оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

 - қорды сақтауды қамтамасыз ету;

 - кітапханалық – ақпараттық инновациялық жұмысты жетілдіру.

-Колледж мамандықтарының ерекшеліктері бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-əдістемелік, ғылыми басылымдарды жинақтау және оны насихаттау

-Кəсіби білім беру бағдарламалары мен оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктері, колледж білім беру бағдарламаларына сəйкес кітапхана қорын қалыптастыру


  Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сəйкес колледж кітапханасын пайдалану ережелерінде бекітілген білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер жəне кітапхана оқырмандарының басқа категорияларына толық, белсенді кітапханалық жəне ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. 

Кітапхана «KazSoft» компаниясы құрастырған «КАБИС-2.1» (Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі) бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. КАБИС бағдарламасының электронды каталогы бойынша  білім алушыларға, оқытушыларға,  пайдаланушыларға ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес толық, әрі ұтымды кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету.

Кітапхана қорын пайдаланушылардың  мүмкіндіктері:
КАБИС бағдарламасының модулдері :
«Оқырмандар картотекасы»,
 «Кітап қорының картотекасы»
«Мерзімді басылымдар картотекасы»
 «Электронды каталог»
  Осы модульдер бойынша  оқырмандар өздеріне  қажетті ақпаратты автоматты түрде ала  алады.

Кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптардың сканерленген PDF нұсқасы жасалып «Электронды каталог»модуліне салынып,  пайдаланушылардың  сұраныстарына орай электронды почтасына жіберіледі.
Сонымен қатар колледж кітапханасының мақсаты - колледждің тəрбие жəне гуманитарлық-ағартушылық қызметіне қатысу, білім алушыларда əлеуметтік қажет білім мен дағдыларды, кəсіби қызығушылықтарды қалыптастыру, мəдени мұраны насихаттау, белсенді оқырмандар қатарын қалыптастыру, тақырыптық кештер, кездесулер, ауызша журналдар мен басқа іс-шараларды өткізу. 

Кітапхана сипаттамасы
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі кітапханасы 2-ші оқу ғимаратында орналасқан.
Кітапхананың жалпы аумағы –294,1
1.Кітап  қорын сақтау бөлімі - -87,3
2. Оқу залындағы орындар саны - 20
Кітапхана қоры  жалпы білім беру,гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, арнайы, жалпы кәсіптік пәндер бойынша оқулықтар, оқу- әдістемелік  және  ғылыми әдебиеттер, көркем әдеби шығармалар,анықтамалықтар және энциклопедиялармен  қамтамасыз етілген.

Кітапхана қоры
Кітап қоры- 64517 дананы құрайды.
Оқулықтар-  57859
Оқу-әдістемелік- 4643
Көркем әдебиеттер- 2015
Электронды оқулықтар - 1020
Мерзімді басылымдар - 32 атау

Кітапхана құрылымы
Абонемент- әр білім алушы мен оқытушылар кітапхана ережесі бойынша «Оқырмандар» картотекасына тіркеліп, белгіленген мерзімге дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды уйге алып пайдалана алады.
Оқу залы- 20 орындық
Колледж кітапханасының оқу залы интернетпен қамтылған, пайдаланушылар кітап қорын пайдаланумен қатар, шығармашылық жұмыспен айналыса алады. Оқу залында  оқу үдерісіне қажетті әдебиеттермен қатар, мерзімді басылымдар сақталады. Оқырмандарды кітап оқуға баулу мақсатында  кітапхана жоспары бойынша  кітапханада  оқу бірлестіктерімен бірге түрлі іс-шаралар, әдеби кештер, оқырмандар конференциясы  өткізіліп тұрады.

Кітапхананың негізгі бағыттары:

-кітапхананың кітап қорын бүгінгі заман талабына сай деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен толықтыру;
- кітапхана ісіндегі ақпараттық автоматтандыру процестерін жетілдіріп, ақпараттық ресурстар құру, дерек қорларды толықтыру;
- жаңа ақпараттық -технологиялық қызмет көрсету, электронды құжаттар жеткізу қызметінің белсенділігін арттыру.
- жасанды интеллектіні кітапхана жұмысында  пайдалана отырып,   жаңа ақпараттық -технологиялық қызмет көрсету
Білім алушылар мен оқытушылардың сұраныстарына орай қазақ және шетел жазушыларының көркем әдеби шығармаларының  электронды нұсқасы QR код арқылы оқылатын  «Мобильді кітапхана» атты стенд ұйымдастырылған. Кез-келген білім алушы   мен пайдаланушы мобилді құрылғы арқылы QR-Code Reader қосымшасын жүктеп алып, шығармалардың электронды нұсқасын оқи алады.







Егізбаева Айгүл Әбутәліпқызы
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі
Made on
Tilda