0001Білім күні қарсаңында оқу орнының 1-курс студенттерімен танысу жиыны өткізілді.

30 тамыз – Конституция күні және 1 қыркүйек – Білім күні аясында ұйымдастырылған шарада тақырып аясында студенттерге баяндама оқылды. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған 30 жыл көлеміндегі айтулы жетістіктерімізге кеңінен тоқталып, арнайы бейнематериалдар көрсетілді.

Сонымен қатар, оқу орнының әкімшілік құрылымы мен ұстаздар қауымы таныстырылып, студенттер өз көкейіндегі сұрақтарға жауап алды.

Арнайы қонақ ретінде облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы, облыстық «Еріктілер Фронт Офисінің» жетекшісі Болатбек Серікбайұлы оқу жылына сәттілік тіледі.