куттыктау директорБаршаңызды 1 қыркүйек - Білім күні және көптен күткен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан білім ошағымен тікелей байланысты. Біздің оқу орнымызға сенім артып келген жас буынды сапалы маман, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптастыру жолында ұстаздарыңыз аянбай еңбек етеді деп сенім білдіремін.

Ұлтымыздың ұлы ақыны, ғасыр алыбы Абай Құнанбайұлының аманат еткен бес дұшпанынан қашық болып, бес асыл іске көндіксек, Сіздер бағындырмайтын белес, Сіздер алмайтын асу жоқ екендігі айқын.

Білім мен ізденіс жолындағы нық қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!