449«Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің ұйымдастырған апталығы аясында колледж оқу топтарының арасында  салауатты өмір салтын насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы тапсырмалардың бірі ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында баскетбол, үстел теннисі, күрес және әскери спорттық сайыс түрлерінен жарыстар өткізілді.  

Әскери спорттық сайыста қатысушы оқу топтары әскери жаттығулар бойынша сайысқа түсіп, командалар ҚР әнұранын орындап, саптық жаттығулар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде командалар ішінен оқ бойы озық шыққан ВТ-19оР оқу тобы арнайы  дипломмен марапатталды.

Сайысқа барлық оқу тобының студенттері белсенді түрде қатысып, нәтижесінде күрес сайысы бойынша 1-орынды ЭС-16о оқу тобының студенті М. Айдарбек, 2-орынды ОП-17оР оқу тобының студенті Б. Нағашыбай,                 3-орынды ОП-18оР оқу тобының студенті М.Алтыбай иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен (1-орын -7000тг,                       2-орын 5000 тг, 3-орын 3000тг) марапатталды.

Баскетбол сайысы бойынша 1-орынды СТР-19оР оқу тобы, 2-орынды ЭС-19 оқу тобы, 3-орынды ЭС-16оР оқу тобы иеленді. Сайыскерлер арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Үстел теннисі бойынша 1-орын УиА-18-1 оқу тобының студенті К.Тұрман, 2-орынды В-18о оқу тобының студенті Н.Абат, 3-орынды СТР-19оР оқутобының студенті Д.Қуаныш иеленді. 

450

451