434Үстіміздегі жылдың қазан айында Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында аймағымыздағы оқу орындарына «Сенім жәшігін» қоюды бастаған болатын.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, «Ақмешіт адалдық» алаңы бірлесіп бастаған бұл шара «Ақмешіт» колледжінде 25.10.2019 ж. жалғасын тапты. Шара барысында «Жас Отан» жастар қанатының белсенді студенті А.Жақсылықова «Сенім жәшігінің» оқу орнына орнатудың және оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын түсіндірді.

«Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.ЕБекенова және «Жас Отан» жастар қанатының колледж бойынша жетекшісі Е.С.Кенжеев колледждегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, аталған бастаманы қолдайтындарын жеткізді.

440

441