2392019 жылдың 1-ақпан күні облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен колледж студентерінің танымал айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері М.Ниязовпен кездесуі өтті.

Сүлейлер шыққан Сыр өңірінің ғана емес, қазақтың мақтанышына айналған азулы ақын М.Ниязов жастарға бүгінгі әдебиет пен өнердің, мәдени үдерістің бағыт-бағдары жайлы әңгімелеп, өзі туралы қызықты деректермен бөлісіп, жастармен ашық сұхбат құрды.

Студенттер өз кезегінде айтыскерге сауалдар қойып, кездесу соныңда естелікке суретке түсті. Жастар ақынның жүрегін жарып шыққан өлеңдерімен рухани сусындап қайтты.

 

238