2018 жылдың 23-қаңтар күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау және талқылау жұмыстары жүргізілді.

Аталған кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі Ә.Ыбрахим, Қызылорда облысының «Кәсіпкерлік және туризм» басқармасының маманы М.Сұлтанбекқызы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Бизнес инкубатор» жетекшісі Ж.Ш.Оразмахановтар қатысып, Жолдауда айқындалған негізгі басымдылықтарға түсіндірме беріп, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты әңгіме өрбітті. Жолдауда айтып кеткендей, жастарға деструктивті діни ағымдардан қалай қорғану және арбауына қалай түсіп кетпеу жайлы сөз етті. Кездесу барысында тақырып шеңберінде бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар,  жастарға арналған «Бастау-Бизнес» жобасы, «Нәтижелі жұсмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары да кеңінен түсіндірілді.

90 94
93 91