Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша  2017 жылдың 27 желтоқсан күні  институттың «Жастар ісі жөніндегі» комитеті мен «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен студенттерге арналған жаңа жылдық кеш өткізілді.

Кеш мерекелік  концертпен басталып,   Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Т.Үргенішбеков студенттерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 

Мерекелік кеш барысында Аяз Ата, Ақшақар  және жаңа жылдың иесі, жеті қазынамыздың бірі ит кейіпкері барша қауымды жаңа жылмен құттықтап, ойындар мен байқаулар ұйымдастырды.  Ойын жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.  Лотореялық ойын ұйымдастырылып, студенттер ұялы телефондар, тұрмыстық үй жабдықтарына, т.б. бағалы сыйлықтарға ие болды.

Осылайша колледж студенттері келе жатқан 2018 жаңа жылды көңілді күймен қарсы алды. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешіне жалғасты.

080 081
085 084
083 082