2017 жылдың 3-наурызы күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Құрылыс» және «Экология және табиғат қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітіруші түлектерге диплом тапсыру кеші өткізілді.

Колледж директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, колледждің ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып, оқу орнының абыройын асқақтатудағы қосқан үлесі үшін бірқатар түлектерді және олардың ата-аналарына алғысхаттар тапсырды.

Кеш барысында колледжіміздің мақтаныштары, үздік диплом иегерлері Тілеубай Бекзат, Әліп Нұрай және Манапов Қуанышбітіруші түлектердің атынан ұстаздарға алғыс айтып, ән жолдап, қоштасу вальсін биледі.

104

99

 

 

 

 

101

102