61401.09.2020 ж. «Ақмешіт» колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері пандемия кезеңіндегі сақтық шараларын сақтай отырып,  қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу мақсатында Президентіміз Қ.Тоқаевтың кезекті жолдауын тыңдады.

Жолдауда пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналғаны, бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуы туралы, ұлттық қордан арнайы қаражат бөлініп, әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық, қол жетімді әрі сапалы білім, денсаулық сласын дамыту, экологиялық және биологиялық әркелкілікті қорғау, әділетті мемлекет азаматтарының мүддесін қорғау жолында, цифрландыру барлық реформаның негізгі міндеті, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы бөлімдерінен тұратын жолдауда коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкені, толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігі, дегенмен санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеу керектігі, білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы туралы, азаматтардың сауаттылығы мен цифрлық біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірленіп басталғаны, кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға басымдық берілетіні, сол себепті «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылатыны, өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігі айтылды.  

Осы орайда колледж директоры А.Т.Шегенбаев Жолдау тыңдалып болғаннан кейін сөз алып, алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұрғанын, соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажеттігін айтты. Баршамыздың өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз қажеттігін, замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отырғанын айтты.

Жолдау тыңдау барысында колледжіміздің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары К. А.Ерімбетов сөз алып, бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңеміз, мақсатымызға жетеміз және бұл біздің қолымыздан келеді деп аяқтады.

 

615

616