^Back To Top

logo

60227.07.2020 ж. «Ақмешіт» колледжінің белсенді еріктілері «Birgemiz: Sabaktastyk» жалпыұлттық жоба шеңберінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларға қатысты волонтерлардың тәлімгерлік тәжірибесін енгізе отырып, олардың қоғамдық ортаға белсенділігін арттыруға ықпалын тигізу үшін ZOOM форматындағы конференцияға қатысты.

Негізгі мақсат жасөспірімдердің санасына адамгершілік қасиеттің рухын ұялату, еңбек, эстетикаға баулу және жеке тұлға ретінде қалыптасуға жол көрсету, қоғамдық ортада белсенділіктерін арттыру.

«Еріктілер жылы - 2020» бағдарламасы аясында өткен бұл конференцияда «Ақмешіт» колледжінің белсенді еріктілері Ш.Бимағанбет, А.Кенжебайқызы және А.Айтуғанұлы және «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Бекенова өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдерді еріктілікке және еріктілер қатарына қосылуға бағыттау мақсатында өздерінің атқарып жүрген қайырымды жұмыстары туралы айтып, жоспарларымен бөлісіп, сұрақ-жауаптар қойылып, пікір алмасты. Жоба аясында өткен конференция алдағы уақытта оң нәтиже береді деген ойдамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

603

604

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz