^Back To Top

logo

Сыр өңіріндегі гуманитарлық-техникалық, экономикалық-құқықтық және қызмет көрсету бағытында білікті маман даярлап келе жатқан алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі – Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі. Білікті кадр даярлау жолында бәсекелестікке қабілетті бұл оқу орнына биыл 15 жыл толып отыр.

1Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан институт пен колледж ұстаздары аталған мерейтойға орай білім беру мекемелері арасында волейбол мен шахматтан турнир өткізді. «Спорт – біздің өміріміз» деп аталатын екі күндік спорттық жарыста облыстағы 15-ке жуық оқу орнынан жиылған командалар бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан «Үздік шабуылшы» болып Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Асхан Әлімбетов танылды. «Үздік үйлестіруші» номинациясына С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушысы Талғат Найзабеков, «Үздік қорғаушы» атағына Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің оқытушысы Серғазы Егізбаев, «Үздік команда жетекшісі» арнайы сыйлығына «Жас өркен» колледжінің оқытушысы Жаңабек Алтынбеков ие болды.2

Ерлер арасынан «Үздік волейболшы» номинациясына лайық деп «Болашақ» медицина колледжінің оқытушысы Мерекебай Әбдешов, қыздар арасынан «Болашақ» университетінің оқытушысы Айгүл Есқараева танылды. Шахмат бойынша ерлерден «Үздік шахматшы» жүлдесін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Сәкен Үдербаев, қыздар арасынан Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Нұржамал Жәлиева иеленді.

Командалық сайыста волейболдан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы–техникалық жоғары колледжі 3- орынға жайғасса, 2-орынға Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжі қол жеткізді. Турнирдің 1-орнын «Өркениет» медицина колледжінен құралған команда жеңіп алды. Шахматтан командалық есеп бойынша Қазақ гуманитарлық, заң және техникалық жоғары колледжі 3-орыннан көрінді. Ал «Өркениет» медицина колледжі 2-орынға ие болса, жарыстың бірінші жүлдесімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті марапатталды. Жүлдегер командалар ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлық, диплом мен мерейтойлық кубоктарға ие болды.

Сонымен қатар, жарыс соңында колледж басшысы Айтмағанбет Үргенішбеков жарысқа қатысушыларға алғыс айтып, осы турнирдің өткізілуіне ат салысқанСерік Бакенов, Әлім Тобылбаев, Талғат Досмамбетовке өз лебізін білдіріп, грамота тапсырды.

3

5

4

7

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz