^Back To Top

logo

«Зор болашақ бүгіннен басталады!» тақырыбында бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімі салтанатты түрде өткізілді

Сыр еліндегі іргелі оқу орны Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің тарихы 2004 – жылдан бастау алып, мінекей 12 жыл болды, өз қызметін қай кезде болмасын білім мен тәрбие беруде жаңашылдыққа, мемлекетіміздің білім мен ғылым саласында бірегей стратегиялық мүдделерге сәйкес ұйымдастырып келеді.

Соның нәтижесінде бірнеше ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінен құралған шәкірттеріміз әлемнің түкпір-түкпірінде елеулі еңбек етуде. Олар тек өздері түлеп ұшқан колледждің ғана емес, Сыр елінде қалыптасқан білім дәстүрін баршаға танытып, ел мерейін өсіріп келеді. 

Биылғы оқу жылында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжін 300 ден аса студенттер бітіріп, оның 34-і үздік диплом иегерлері атанып отыр.

25.06.2016 ж. колледж бітіруші түлектеріне арналған «Зор болашақ бүгіннен басталады!» тақырыбында диплом тапсыру рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Салтанатты кеште колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы алғашқы құттықтау тілегін арнап, үздік дипломдарды табыстады. Сондай-ақ, колледжіміздің ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып, оқу орнының абыройын асқақтатудағы қосқан үлесі үшін бірқатар білім алушылар және олардың ата-аналары колледж директорының алғысхатымен марапатталды.

bru4enie   bru4enie2
  bru4enie3
Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz