Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі – аймағымыздағы техникалық және кәсіптік білім саласында еңбек нарығының сұранысын арттыруға, экономика және әлеуметтік саланы дамытуға үлес қосып келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі.

Оқу-тәрбие және ғылыми-ізденіс жұмыстарды талаптарға сәйкес ұйымдастыру үшін колледжде төмендегі құрылымдық бөлімдер қызмет жасайды:

                

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
Оқу бөлімі;
Есеп-қисап бөлімі;
Кадр және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі;
Студенттік бөлім;
«
Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігі,

«Кәсіби-техникалық мамандықтар» бірлестігі;
Оқушылардың білімін бақылау және бағалау бөлімі;
Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстар
ды ұйымдстыру  бөлімі;
Ақпараттық технологиялар бөлімі;
Маркетинг және ақылы қызметті есепке алу бөлімі;
Кітапхана;
Психолог;
Асхана;
Дәрігерлік пункт;
Әдістемелі кабинет;
Жатақхана.

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған көптеген жұмыстар жасалуда.Материалдық-техникалық база жыл сайын заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталған кабинеттер, зертханалар және арнайы оқу кабинеттермен толығып отырады. 

Колледжде қазіргі күні ауданы 504 м2 болатын жаңа спорт залы, 40 орындық оқу залы және компьютерлермен жабдықталған электрондық оқу залы бар кітапхана, жалпы ауданы 1747 м2 болатын заманауи зертханалық кешен,21 оқу зертханалары, 31 пәндік оқу кабинеттері,                      3 шеберхана, 6 компьютерлік сынып, акт залы, 250 орындық мәжіліс залы, тарихи-танымдық, этнографиялық музей, студенттік асхана, жатақхана білім алушыларға қызмет көрсетуде. Барлық кабинеттер мен зертханалар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Колледж кітапханасы кітап қорында 64 446 дана кітап бар. Кітапхана мен оқу залы, электронды оқу залы оқушыларды қажетті оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Колледжде компьютерлер саны – 150. Интернетке қосылған компьютерлер үлесі – 100%. Интерактивті жабдықтармен кабинеттер саны – 18.

Оқушылардың сабаққа өздігінен дайындалу тиімділігін арттыру үшін колледжде интернет жүйесіне қосылған 4 компьютерлік сыныптар жұмыс жасайды:

1. Интернетке шығатын желіге қосылған жалпы компьютер класы;

2. Инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған компьютер класы;

3. Информатика және есептеу техника негіздері;

4. Компьютерлік жобалау класы.

282406130708  -2020  00006  -2020  00002