Еңбек нарығының сұранысына сай, экономика және әлеуметтік саланы дамытуға атсалысып келе жатқан аймағымыздағы техникалық және кәсіптік білім саласындағы бәсекеге қабілетті оқу орындарының бірі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы сәуір айындағы №353 бұйрығымен Қызылорда инженерлік-экономикалық институты жанынан құрылған бұл колледж 2006 жылғы 26 қарашада дербес Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі болып қайта тіркелді.

Бастапқы кезде  «Электрмен қамтамасыз ету», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Қонақ үй шаруашылығы мен туристік кешендерде қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жүргізді.

Колледждің бұрынғы атауы өзгеріп Қызылорда облысы әділет департаментінің Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы негізінде 2022 жылдың 9-ақпанынан бастап «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» болып қайта тіркеуден өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 04 наурызда колледжге білім беру қызметімен айналысу үшін №KZ15LAA00032329 номерлі лицензиясы берілді.

2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында колледждің    0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша "Бүкіләлемдік банктің" грант жеңімпазы атанды. Жоба Халықаралық қайта құру және даму Банкінің қаржыландыруымен, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қолдауымен іске асырылды. Жоба негізінде колледж оқытушылары Германия, Белоруссия, Ресей елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша  колледж «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің              рейтингі - 2016» бойынша ІІ-ші орынды иеленді.

2017 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша  колледж «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2017» бойынша IV-ші орынды иеленді.

Білім алушыларға «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» материалдық-техникалық базасын толық пайдалануға мүмкіндік жасалған. Атап айтсақ, 31 пәндік оқу кабинеттері, 21 оқу зертханасы, 3 шеберхана,        6 компьютер сыныбы, интернет жүйесіне қосылған 150 компьютерлік паркі, лингафон кабинеті, 250 орындық мәжіліс залы, кітапхана, оқу залы, электронды оқу залы, спорт зал, мұражай, жатақхана, асхана стандартқа сай жабдықталған.

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі 2022 жылы 23-25 мамыр аралығында сырттай бағалау жөніндегі сараптамалық топ Институционалдық аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымының қызметі Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық ортылығы стандарттарына сәйкес келеді деп Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен 5 жыл мерзімге (29.06.2022-28.06.2027жж. аралығына) институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуінен өткендігі туралы Сертификаттар берілді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы                    20 наурыздағы №96/н бұйрығымен «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» білім беру мекемесінде берілетін білім беру қызметтері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуына байланысты аттесаттаудан өтті.

Қазіргі таңда колледж 27 мамандық 41 біліктілік бойынша  9 сынып (күндізгі) және 11 сынып (күндізгі және сырттай) негізінде мамандар даярлайды.