703БІЗ ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ!

1 курс студенттерінің қабілетін ашу, сахна мәдениетіне баулу, өнерін жарыққа шығару мақсатында «Біз таланттарды іздейміз» атты өнер байқауы ұйымдастырылды. Ән айту және аспапта ойнау, поэзия, жүргізушілік, спорт және би өнері, жайдарман бойынша салаларға іріктелген 1 курстарды өз бағытына сай жетістікке қол жеткізген жоғары курс студенттері жетекшілік жасап, жарысқа дайындады.

Байқаудың қазылар алқасы құрамы:

1. «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты – Бисенова Маржан Қылышбайқызы.

2. «Қызылорда технология және қызмет институты» білім беру мекемесінің түлегі, студенттік кезеңде түрлі қоғамдық жұмыстарға өте белсенді түрде араласып, білім ордасының атын шығарған азаматша, Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Сыр аймағының белсенді еріктісі, түрлі қайырымдылық шараларының ұйымдастырушысы – Омарова Рауан Базарбайқызы.

3. Қазылар алқасының төрағасы, Қызылорда облыстық «Ақпараттық талдау орталығы» КММ директорының орынбасары, облыстық Волонтерлар Фронт офисының жетекшісі, біздің институтымыз бен колледжіміздің амбассадоры– Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы.

1. «Қызылорда технология және қызмет институты» «Гуманитарлық – педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасынын аға оқытушысы, Құқықтану мамандығының магистрі, тәрбие саласының майталманы – Адамбаева Айжан Сұлтанбекқызы.

Бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салған қатысушылар арнайы номинацияларға ие болып, үздік ұйымдастырушыларымыз марапат төрінен көріне білді.

#үздіктер_таңдауы #kvmk

704

705

706