6901 курс студенттері 2 қыркүйек күні құқық қорғау саласы өкілдерімен кездесті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз көшеде жүру, тыйым салынған және денсаулыққа зиянды заттарды ұстау мен пайдалану және өзге де қажетті бағыттар жөнінде толық мәліметтер берілді.

Ювеналды полиция инспекторы, полиция капитаны Жұбанышбаев Өркен Қалиұлы студенттер құқығы да толықтай қорғалып, жиі және үздіксіз байланыста болатындығын, құқық қорғау саласы өкілдерінің қызметі жастарға қолжетімді және ашық екендігін жеткізді.

 

691