671Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес,  білім беру мекемесінің білім алушылары арнайы сала мамандарымен кездесті.

Топ мүшелерінің құрамында облыстық білім басқармасы «Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары» бөлімінің бас маманы Байғазиева Шолпан Рүстемқызы, облыстық жастар денсаулығы орталығы психологы Бижанова Жансая, полиция лейтенанты Байқадамова Аида, полиция капитаны Жұбанышбаев Өркен, облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Әбдеш Әсел Асылбекқызы болды.

Кездесу аясында құқық бұзушылық, қылмыс және нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыптар аясында арнайы презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді.

Студенттер өз көкейлеріндегі сұрақтары мен ойларын ашық жеткізіп, нақты және толыққанды жауап алды.

672

673