tennis    «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1 курс студенті Ерділда Ерасыл Қырғызстан Республикасының Чолпон-Ата қаласында өткізілген үлкен тениистен «ITF junior J5 Cholpon-Ata» атты халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

    Халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Жаңазеландия, Египет, Испания, Канада спортшылары катысты

   Шәкіртіміз Ерділда Ерасыл бірінші айналымда Өзбекстан Республикасының, екінші айналымда қазақстандықты, үшіншісінде ресейлік, төртінші айналымда қырғыз спортшысымен сынға түссе, ақтық ойында өзбектің мықтысынан айласын асырып, жеңімпаз атанды.

   Ерасылды халықаралық дәрежедегі үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!