0003Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 149 жылдығын және 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Smаrt student» білім бәйгесі ұйымдастырылды.

    Қазақ тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, География пәндері бойынша 6 бөлімді қамтыған додада қатысушылар сөз жұмбақ құрастырып, шығарма жазып, сурет салу арқылы мықтыны анықтады.

    Поэзия оқу және берілген тақырыпта өзіндік пікірлерін жеткізуде жастарымыздың жаңа қырын аша түскендей әсер қалдырды.

    Білім бәйгесіне директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Маржан Қылышбайқызы, Қазақ тілі пәні оқытушысы Ақнұр Ермұханбетқызы және "Гуманитарлық – экономикалық пәндер" бірлестігінің арнайы пәндер оқытушысы Мадина Нұрлыбекқызы қазылық жасады.

    Сайыс қорытындысы бойынша үздік топтар және көш бастаған жастар марапатталды!