64612.10.2020 ж. «Ақмешіт» колледжінің «Тәрбие және мәден көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Е.Бекенова № 278 мектеп бітіруші түлектерімен зум форматында онлайн режимде кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Аталған мектептің 9--сынып бітіруші түлектеріне оқу орнына қабылдау талаптары, биылғы жылы енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат берілді. Колледждегі мамандықтар мен олардың ерекшеліктері, колледж мақтаныштары жайында қосымша мәліметтер ұсынылып, бейнебаяндама көрсетілді. Онлайн кездесу соңында мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап беріліп, ақ жол тіледі.

 

 

 

647