53822020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Ақмешіт» колледжінде ай сайын топ тәрбие сағаттары өткізілуде.

20.02.2020 ж. «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Е.Бекенованың және «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушысы М.Ж.Жақсылықтың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өтті.

Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және  ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу мақсатында өткізілген бұл шарада әл-Фарабидің өмірі туралы бейнебаяндама көрсетіліп, ғылымға қосқан үлесі туралы әдеби монтаж қойылып, студенттер Фарабиге арнаған төл туындыларын оқып, әндер айтылып, викториналық сұрақ-жауап ойыны жүргізіліп, Фараби атаға хат жазылып, соңында қиял әлеміне бойлап, ортаға Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрынан арнайы әртіс Фараби атамыз шақырылып, студенттер бата алды.

Сонымен қатар, аталған шараға №6 кітапханадан арнайы қонақтар шақырылып, көрме қойылды.

 

537

539

540

541