487

2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Ақмешіт» колледжі ҚР Тұңғыш Президентінің «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындау мақсатында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуді бастап кетті.

Арнайы құрылған үгіт-насихат тобы №4 ІТ мектеп-лицейінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 метеп-лицейінің, А.Хангелдин атындағы №179 мектептің, №280 мектептің 9 сыныбында оқитын оқушыларымен кездесіп, оқу орны туралы толық ақпарат берді.

Кездесу барысында мектеп оқушылары өздерін қызықтырып жүрген сауалдарына мағлұматтар алып, колледж мамандықтары жайында дайындалған жарнама беттері таратылды. Сонымен қатар, оқу ордасының жетістіктері, беделді түлектері, белсенді студенттері жайлы әңгімелеп, колледж туралы түсірілген бейнефильм көрсетілді.

488

491

492

493

493

494

495