444Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілген тапсырма бойынша «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың тұжырымдамасы негізінде «Ақмешіт» колледжінің барлық оқу топтарында «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық сабақтар өтілді.

Республикалық ашық тәрбие сағатына «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының кеңесшісі Д.А.Кенжалиев, облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Т.О.Тілес қатысып, студенттер Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Елбасының азаматтық, патриоттық портреті туралы баяндама тыңдап, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы туралы бейнебаяндама көрсетілді.

445

446

447

448