325Қызылорда облысының білім басқармасы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев бекіткен «Жастар жылын» өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 14-17 мамыр күндері аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан арнайы мамандар жинап, «Талапқа талғам - таразы» атты кәсіби бағдар беру керуенін бастап, аудан мектептерінің 9-11 сынып түлектеріне арнайы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Кәсіби бағдар беру керуені 14.05.2019 ж. М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінен бастау алып, әрі қарай Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Арал, қазал, Жалағаш аудандарында болып, бітіруші түлектермен кездесті.

326