316Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласының шығуына 2 жыл толуына байланысты «Ақмешіт» колледжінің жас мамандары Т.Абай, Н.Асылбекова, Г.Қожамұратова, З.Алтынбайлардың ұйымдастыруымен «Сыр өңірінің мәдени мұралары» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өтті.

Шараға №6 орталықтандырылған кітапханадан, «Рухани жаңғыру» орталығынан арнайы мамандар шақырылды. Жас мамандар бүгінде Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау мемлекеттік мекемесінің мәліметі бойынша қаламызда республикалық маңызы бар ескеткіштер саны өте көп екенін айтып, тақырып аясында «Ақмешіт» колледжінің студенттерімен бірігіп, сол мәдени мұралар – ескерткіщтерді аралап, танымдық-таныстыру жұмыстарын жүргізе отырып, экскурсия барысынан дайындалған бейнесюжетті көрермендерге ұсынды.

Ашық тәрбие сағатында Сыр еліне арналған әндер айтылып, сондай-ақ,«Сыр елінің мәдени мұралары» тақырыбында колледж студенттері арасында тақырыпқа сай сурет салу конкурсы жарияланып,жас суретшілер «Сүйемін сені Сырдың елі!» тақырыбында сурет салып, жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтар берілді.

 

317

318

319