2522019 жылдың 13-ақпан күні «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінен құралған «Саналы ұрпақ» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Адалдықты таңдаймыз!» тақырыбында акция-марафоны өткізілді. Институт аға оқытушысы М.Е.Сбанкулова жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, саяси сауатты еліміздің қалаулы азаматтарлы болып өсуге баулу және студенттерге «Е-гов» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру жайында баяндама жасап, әрі қарай институт және колледж бойынша 2 команда айтулы тақырыпта сайысқа түсті.

Студенттер «Сыбайлас жемқорлықтың апаратын жолы қисық!» тақырыбында плакатқа сурет салып және берілген сұрақтарға жауап бере отырып, командамен эссе жазу бойынша өнерлерін ортаға салып, сала мамандарының арнайы алғысхатымен марапатталды.

Шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен арнайы А.Б.Искакова және А.Сәлімжан қатысып, аталмыш тақырыпта бейнебаяндама көрсетілімін жасады. Сонымен қатар, шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Е.Бекеноваға, «Саналы ұрпақ» клубының жетекшілеріне, белсенділік танытқаны үшін бірқатар оқытушыларға алғысхаттар тапсырды.

Акция-марафон студенттердің жасаған бейнебаяндамасын тамашалаумен және «Адалдық жолын таңдаймыз!» эстафетасын «Болашақ» Университетінің колледжіне жолдаумен қорытындыланды.

249

249

249