196Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер Тәуелсіз Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры А.Т.Шегенбаев ашып, ұжымның жыл бойы қол жеткізген толағай табыстарына тоқталып, келешекте де биіктен көріне беретініне сенім білдіріп, Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сонымен қатар,  колледжіміздің белсенді студенттеріне қоғамдық қызметі  үшін арнайы алғысхаттар және ақшалай сыйлықтар тапсырды.
 Салтанатты шара колледждің өнерпаз студенттерімен әзірленген концерттік бағдарламасымен жалғасты. Қазағымыздың қастерлі әнұранымен басталған салтанатты жиында «Гуманитарлық-педагогикалық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы М.Сыбанқұлова еліміздің тәуелсіздік алған сындарлы жылдарынан бастап мәңгілік ел тарихына ұмтылған жолдарынан көрініс беретін, ұлы дала төрінде шаңырақ көтерген байтақ еліміздің кешегі бейнесі мен бүгінгі келбеті туралы баяндама жасап, патриоттық әндер шырқалып, колледж студенттерінен жиналған хордың орындауында «Атамекен» әні орындалды.

197197197197197