180Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2018 жылдың 4-5 желтоқсан күндері аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқытушылар және студенттер арасында кеңінен түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді.

        «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушылары Г.Жаркенова және Г.Жұмаева арнайы баяндама дайындап, оқытушылар мен студенттерге бұл жазбаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігін, мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» атты екі бөлімнен тұратынын түсіндіріп, мақалада Елбасы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталғанын айтып көрсетті.

Сонымен қатар, аталған екі бөлім атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, ұлы жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны, архив – 2025, ұлы даланың ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі, ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі атты тақырыпшалардан тұратынын айтып, Елбасы төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп отырғанын, бұл туралы қазіргі таңда ел ішінде де, әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып, қоғам белсенділері пікір білдіріп жатқанын тілге тиек етті.

Баяндамашылар мақаланың әр бөліміне жеке тоқталып, толығымен мақала оқытушылар мен студенттер назарына ұсынылды.

181