30-тамыз – Конституция күні және 1қыркүйек – Білім күні мерекесі республикадағы барлық өңірлердегі секілді, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде деөзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді. Айтулы шарада ортаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұранымыз шырқалды. Оқу орнының ғылыми кеңесшісі, п.ғ.к. Г.З.Сауытбаева жиылған жұртшылықты Білім күнімен құттықтап, оқу ордасының жеткен жетістіктерін сөз етті. Білім ордасында қызмет етіп жүрген  білікті мамандардың ықпалымен келешектің келісті болуыүшін саналы да, сапалы ұрпақ тәрбиелеу керектігін, бұл жолда ұстаздар қауымының талмай еңбек етуі қажеттігін атап өтті.   «Күш - білімде, білім - кітапта» деген нақылға сүйенеотырып, жас буынды жақсы оқып, ел абыройын асқақтата түсе берулеріне тілектестігін білдірді.

Колледж директоры, т.ғ.к. А.Т.Үргенішбеков баршаұстаздар қауымын, студенттерді, олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, колледжіміздің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлеріне білім күні және Конституция күніне орай алғысхаттар табыстады. 

Салтанатты жиында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Н.Алдабергенов және «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т.О.Тілес құттықтау сөз сөйлеп, колледж ұжымына облысымыз бен қаламызда өткізіліп жүрген қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсене араласқаны үшін алғысхат тапсырды.

Салтанатты мереке білім күніне арналған «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» және «Ата Заңым – айбыным» тақырыптарындағы тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.

 

01     02

 

03     04