2018 жылдың 6 сәуір күні Қызылордакөпсалалыгуманитарлық-техникалықколледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған «Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы» тақырыбындаоқушыларды зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми-зерттеушілік, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ояту, дарынды оқушыларды айқындау, мамандыққа бағдар алу мәселелеріне көңіл бөліп, ғылыми ізденістерін дамыту мақсатында колледжішілік оқушылар арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

 Кәсіби көзқарас пен жанашырлық қайраткерлікке бағыттауға арналған конференция нәтижесінде, «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы Г.Ахметованың жетекшілігімен «Бастауыш сыныпта «Математика» пәнін оқытуда ойын элементтері арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін «Бастауыш білім беру» мамандығының 4  курс        НО-14о оқу тобының оқушысы Балабай Кәмшат жүлделі І орынмен, «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушысы Н.Скакованың жетекшілігімен «Автоматтандырылған жұмыс базасын құру» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін  «Баспа өндірісі» мамандығының 1 курс ТП-17о оқу тобының оқушысы Алашбай Ардан        ІІ орынмен, «Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы Ж.Өмірзақтың жетекшілігімен «Жеңіл тас құрылымдарды қүрылыста қолдану тиімділігі» тақырыбындағы ғылыми жұмысын жақсы қорғағаны үшін «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 3 курс СТР-15о оқу тобының оқушысы Анаш Жандаулет ІІІ орынмен марапатталды.

41 42
43 44