Ағымдағы жылдың 10-15 қаңтар күндері аралығында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған   «Сергектік және денсаулық - 2018» тақырыбында оқытушылар мен қызметкерлер арасында спартакиада өткізілді.

Спартакиаданы өткізудің  негізгі мақсаты салауатты өмір салтын, отансүйгіштікті насихаттау, дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту, еңбек жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Спорттық шараға барлығы 3 команда қатысты: «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Институт және колледж әкімшілігі командасы.

Спорттың 6 түрі бойынша өткізілген сайыста әрбір команданың құрамындағы ойыншылар жеңіске қол жеткізуге белсене қатысты.

Жарыстар командааралық (шағын-футбол, волейбол, баскетбол, арқан тарту)  түрлерімен қатар, жекелей біріншілік (үстел теннисі, шахмат және дойбы) түрлері бойынша өтті.

Сайыс нәтижесінде жүлделі 1-орынды «Әкімшілік» командасы,             2-орынды Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы, 3-орынды «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының командасы иеленді.

Спартакиаданың жабылу рәсімінде сөз сөйлеген колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы барлық қатысушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға, салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар беріп,  алғыс хаттармен марапаттады. 

76 79
78 77