Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі болып табылады. Жыл сайын сәуір айында біздің колледж көптеген мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына өз есігін ашып, талапкерлерге аса маңызды таңдау жасау, яғни болашақ мамандығын таңдауға көмек беріп отырады.

Биыл да  осы дәстүрді жалғастырып, 2017 жылдың 13-14 сәуір күндері сағат 11.00-де «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, іс-шараға қаламыздағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары келіп қатысты.

Келген қонақтарға кәсіби бағдар беру мақсатында колледжде дайындалатын мамандықтар туралы, колледжге түсу шарттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар колледждің материалдық-техникалық базасын таныстыру үшін экскурсия ұйымдастырылып, іс-шара барысында колледж білім алушыларының шығармашылық жұмыстарынан жасалған көрме және концерттік бағдарлама ұсынылды.

Кездесу соңында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Б.Әлібекова оқуға қабылдау шарттарымен, қабылдау сынақтарына дайындықтар туралы хабарлама жасады. Мәжіліс залында өткен «Ашық есік» күнінің ашылу рәсімінен кейін оқушылар өздері таңдаған мамандық бойынша бөлініп, таңдаған мамандықтарының мәні мен маңызы туралы мол мәлімет алып қайтты.

129 130
131 133
132 135
136 134