Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2017 жылдың          5 сәуір күні «Жастар және ғылым-диалог, ой, ізденіс» тақырыбында оқушылардың кәсіби-тұлғалық потенциалын, сана-сезімін, шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында колледжішілік оқушылар арасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

 Кәсіби көзқарас пен жанашырлық қайраткерлікке бағыттауға арналған конференция нәтижесінде, «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының     1  курс ЭиПД-16о оқу тобының оқушысы Жанғабыл Данияр, «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушысы М.Жақсылықтың жетекшілігімен «Бордың адам өміріне зияны және оның алдын алу» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін І орынмен, «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс НО-14о оқу тобының оқушысы Балабай Кәмшат, «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы С.Аманжолованың жетекшілігімен «Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары» тақырыбындағы жұмысы үшін ІІ орынмен және «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 3 курс СТР-14о оқу тобының оқушысы Қасқырбай Шерхан, «Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы Ж.Өмірзақтың жетекшілігімен «Баламалы энергия көздерін пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жұмысын жақсы қорғағаны үшін ІІІ орынмен марапатталды.

123

122

121

120