Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтарда жасаған Үндеуін және 30 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мамандарының қатысуымен колледж білім алушыларына түсіндіру мақсатында  кездесу өткізілді.

Кездесу барысында алғаш сөз алған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің  бөлім басшысы А.Аукенов баяндама жасап, оқушыларға Президентіміздің халыққа жолдаған кезекті Жолдауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтіп жатқанын, біз елімізді мақтан тұтуға тиіс екенімізді, табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өткенімізді, оларды бүкіл әлембілетінін  және жоғары бағалайтынын айтып өтті.

Жолдаудың бес негізгі басымдығы аталып өтті. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталғанын, бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы екендігін, екінші басымдығы– бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, үшіншісі макроэкономикалық тұрақтылық, төртінші басымдық – адам капиталының сапасын жақсарту, бесіншісі - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты екендігі атап өтілді. 

 

92

93