72Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік  жиынға колледж оқытушылар ұжымы және оқушылар  қатысты.

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы ұжым қызметкерлерін және білім алушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Қоғамдық саяси жұмыстарға белсене араласып, «Нұр Отан» партиясының бастамаларын жүзеге асыруға қомақты үлес қосқан бірқатар оқытушылар мен қызметкерлерге  облыс, қала әкімдерінің және облыстық білім басқармасының, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хаттарын» табыс етті. Тәуелсіздік күніне арналған жиын концерттік бағдарламаға ұласып,  ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің әруаландылығы мен басқа да халықтар өкілдерінің мәдени ерекшеліктерін паш ететін ән мен күй, жыр мен билер орындалды.

77

75

74

73